Бүгін 9 қазанда «Есеп, аудит және статистика» кафедрасының ұйымдаструымен, 6 қазанда аталып өтілетін «Бухгалтерлер күні» кәсіби мерекесіне орай, экономикалық мамандықтардың студенттеріне арналған «Қалай табысты бухгалтер болуға болады» тақырыбына кәсіби тренинг өткізілді.
Аталған шараға келесідей қонақтарымыз шақырылды:
- «Ақниет Айтбаеваның Бухгалтерлік орталығының» құрылтайшысы және негізін қалаушы, кәсіби бухгалтер - Айтбаева Акниет Канатовна.
- «Standard-Audit Аудиторлық компаниясының» директоры, кәсіби бухгалтер, сертификатталған аудитор - Кемелбеков Болат Ешенкулович.
- «ACCOUNT» бухгалтерлік копаниясының құрылтайшысы, негізін қалаушы, кәсіби бухгалтер, директоры– Құрманғазықызы Ельвира.
Жыл сайын қазақстандық ЖОО-нан «Есеп және аудит» білім беру бағдарламалары бойынша білім алған мыңдаған студенттер бітіріп шығады. Бітірушілердің басым бөлігі жақсы жұмыс тауып, беделді компанияларда білікті бухгалтер болуды армандайды. Білікті маман атанып, бәсекелестерден басып озып осы мансапқа қалай жетуге болады?
Жағары білімді алып қана қоймай – өзіңе және айналаңа бұл мамандықты дұрыс таңдағаныңды дәлелдеу мағызды.
Тренинг қонақтары студенттермен өздерінің еңбектері, білімдері, жетістікке жеткен жолдары туралы айтып берді. Кездесу студенттерге өте ұнады және позитивке толы болды.