«Есеп, аудит және статистка» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, 3-4 қазан 2024 жылы Астана қаласында, биыл Esil University – 25 жылдығына арналған жыл сайынғы «Сейтқасимов оқулары – 2024» ғылыми-тәжірибелік конференциясына белсене қатысты.
Сейтқасимов оқулары – экономика, құқық, менеджмент және басқа да әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға бағытталған дәстүрлі ғылыми-тәжірибелік іс-шара. Конференцияға мерейтойлық форум аясында тәжірибе және білім алмасу мақсатында Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан және шет елдерден қатысушылар қатысты.
Сондай-ақ университет ректорының атынан конференцияға офлайн форматта қатысқан «Есеп, аудит және статистика» кафедрасының доценті Ешпанова Динара Дәуренбекқызы құттықтау сөзі жазылған папка табыс етті.