2024 жылдың 1 қазанында Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 11 маусымдағы №189 бұйрығымен енгізілген Жоғары мектеп қызметкерлері күні аталып өтті.
Университетте дөңгелек үстел өтіп, онда Қазақстан Республикасындағы жоғары білімді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Шара қорытындысы бойынша АГЭУ профессорлары – жоғары оқу орындарының ардагерлеріне жоғары білім саласындағы көп жылғы адал еңбегі үшін университет басшылығының алғыс хаттары табыс етілді.