2024 жылдың 17-18 сәуірінде Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінде Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында «Экономикалық пәндерді оқытудың ерекшеліктері, жаңа тәсілдер» атты ғылыми-әдістемелік семинарлар өтуде – модератор АГЭУ Business School, «Педагогикадағы оқытудың инновациялық әдістері» – модератор АГЭУ «АЖ және ООД» кафедрасы.
Семинарға И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің әріптестері, сонымен қатар НАРХОЗ университетінің өкілдері қатысуда.
Семинарда оқытудың соңғы әдіс-тәсілдеріндегі өзекті тақырыптар ашылып, талқыланады, әріптестер оқытудың түрлі әдістерін қолдану тәжірибесімен бөліседі.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар беріледі