2023 жылдың 20 қыркүйегінде Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінің 3 , 4 курс студенттері, SANA халықаралық зерттеу орталығының Қытай Сауда-өнеркәсіп палатасының бас өкілдерімен бірлесіп ұйымдастырған ауқымды бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.
Іс-шараның мақсаты: қытай тілін меңгерген қазақстандық студенттер мен түлектердің қытай компанияларының өкілдерімен өзара пікір-талас алаңын ұйымдастыру.