Экономика, Менеджмент және Маркетинг білім беру бағдарламаларының студенттері Нархоз университетінің «Бизнесті цифрлық трансформациялау» II Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына қатысты.
«Цифрландыру жағдайындағы менеджмент» тақырыптық бағыты бойынша "Цифрлы экономика жағдайындағы менеджмент ерекшелігі" тақырыбындағы баяндаманы «Менеджмент» оқу бағдарламасының 2 курс студенті Жалғас Олжас (ғылыми жетекшісі Тлеубекова А. Д.) ұсынды.
«Тұрақсыздық жағдайында бизнесті басқарудың маркетингтік технологиялары» тақырыптық бағыты бойынша «Маркетинг тұрғысынан урбанизация» тақырыбындағы баяндаманы «Маркетинг» оқу бағдарламасының 2 курс студенті Сарманов Адель (ғылыми жетекшісі Ахатова Э. х.) ұсынды
Конференция қорытындысы бойынша «Менеджмент» оқу бағдарламасының 2 курс студенті Жалғас Олжас II дәрежелі дипломмен, «Маркетинг» оқу бағдарламасының 2 курс студенті Сарманов Адель III дәрежелі дипломмен марапатталды.
https://www.instagram.com/p/CqVqzAXswCj/?igshid=YmMyMTA2M2Y=