2020 жылдың 19 ақпанында, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына Алматы экономика және статистика академиясының жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел академия студенттерінің Абай өлеңдерін мәнерлеп оқумен басталды. Аталмыш іс-шара барысында ұлы ақынның бүгінгі және ертеңгі күннің бейнесі болып табылатын шығармашылық сюжетін көрсетіп, талқыланды.