Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында «Алматы-адалдық алаңы» жобасы құрылды. Аталған жоба аясында Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарында 15 наурызда сағат 11.00- де «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы мемлекеттік саясатты іске асырудағы жастардың рөлі» атты бірынғай сағат өткізілді.
Алматы экономика және статистика академиясында «Алматы - адалдық алаңы» тақырыбы бойынша «ИЖ және ЖББП» кафедрасының аға оқытушысы Б.Н.Иембердиева студенттерге дәріс оқыды. Алматы экономика және статистика академиясы жанындағы «Sanalyurpaq» студенттік клубының төраймы, 2 курс студенті Бисенбина Аружан «Сыбайлас жемқорлықсықсыз қоғам» жастардың ұраны болуға тиісті деп, студенттік жастарды «Сыбайлас жемқолықсыз» мемлекеттік саясатты қоллауға шақырды.