• Басты бет
  • Экономика, статистика және IT технологиялар институты
  • Экономика

Экономика

Оқу бағдарламасының мақсаты

Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, қазіргі заманғы кәсіпорындар мен нарықтық құрылымдар талап ететін, сыртқы ортаның серпінді өзгеретін факторларына тиімді бейімделуге қабілетті, негізгі біліктілік функцияларын іске асыру үшін құзыреттерге ие, кәсіби қызмет салаларын дамытудың сипаты мен бағыттарына сындарлы әсер ететін, ұйымдастырушылық жұмыс және басқарушылық қызмет дағдыларын меңгерген экономикалық бейіндегі мамандарды даярлау.

Оқыту нәтижесі

1.логикалық ойлауға, тарихи, қоғамдық-саяси даму заңдылықтарын талдауға, кәсіпкерлік құқықтың мазмұнын игеруге ; ауызша және жазбаша түрде және шет тілінде тиімді қарым-қатынасқа, әлеуметтік, этникалық, конфессиялық және мәдени айырмашылықтарды төзімділікпен қабылдай отырып, топта жұмыс істеуге қабілетті.                                                       2.әлеуметтік-экономикалық процестерді талдау және бизнес жүргізу үшін заманауи ақпараттық технологиялар мен қосымшаларды қолдана білу;
3.экономиканың әр түрлі салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін сипаттайтын экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді есептеу үшін қажетті бастапқы деректерді жинауға және талдауға қабілетті.           4.макро- және микродеңгейде, аймақтағы экономикалық процесстерді, құбылыстардың өзара байланысын талдау,  проблемаларды анықтау, оларды шешу жолдары мен әдістерін ұсыну;
5.статистикалық мәліметтер негізінде экономикалық қауіпсіздіктің мүмкінді қауіптерін болжау мақсатында әлеуметтік-экономикалық процесстерді зерттеуге қабілетті;
6.қаржылық, бухгалтерлік және басқа да ақпаратты талдау және баяндау, салық есебін жүргізу, бухгалтерлік есепті құру;              7.экономикалық процесстерді сипаттау негізінде стандартты эконометрикалық үлгілерді құру,  алынған  нәтижелерді талдау және баяндауға қабілетті;
8.ұйымның міндеттері мен процесстерін тиімді жүзеге асыру үшін ішкі кадрлық  ресурстарды оңтайлы  қолдануды қамтамасыз етуге қабілетті;
9.жаңа ұйымдарды құру және дамытудың бизнес-жоспарларын әзірлеу, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың әлеуметтік-экономикалық шарттарын бағалауға қабілетті;
10.көшбасшылық қасиеттері мен жаңа идеяларды қалыптастыру қабілетін, кәсіби қызметтегі шығармашылық ойлауды, өнімнің дизайны мен оның жарнамалық бейнесін бейнелеудің жобалық түрін көрсету.
11.халықаралық саяси экономика, кәсіпорындардың функцияларының жиынтығы, сыртқы нарықтардағы жұмыс формалары мен әдістері туралы жүйелі түсінікке ие болу.

Байланыс

Ахатова Э. х. Бизнес мектебінің жетекшісі, Э.ғ. к., профессор. eahatova@mail.ru
Сейтамзина г. Ж. Ғылым және тәрбие жөніндегі Проректоры, э. ғ. к., Бизнес мектебінің профессоры. gau17erj@mail.ru
Шиганбаева Н.Б.Бизнес мектебінің аға оқытушысы. nailya0478@mail.ru

  • Шифр6B04116
  • Өту балы50
  • Оқу деңгейі2
  • Оқу мерзімі (жыл)4
  • Аккредитация түріHAAP
  • Жылы2019