20 сәуірде Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіровтің Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Алматы қаласының жастарымен кездесу өтті. 15:00-де Алматы қаласының жастарымен сайлау процесінің мәселелері бойынша кездесуі барысында болашақта Сайлау форматын электронды немесе дәстүрлі түрде жүргізу бойынша, қала жастарымен ашық алаң ұйымдастырылды.
Саяси науқанның өзекті мәселесін саралауға бағытталған жүздесуден мегаполис жастары да қалыс қалған жоқ. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен кездесуге шаһардағы 20-дан астам оқу орнынан 200-ге тарта студент жастар қатысты.
Кездесу «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ механика-математика факультетінің Ө.А. Жолдасбеков атындағы үлкен залы («Қызыл зал»)-да өтті.
Кездесуге келгендер ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде әлеуметтік желінің әлеуетін оңтайлы пайдалану арқылы жастардың саяси мәдениетін қалыптастырып, сайлау процестеріне деген қызығушылығын арттыруға болады деген пікір айтты. Жастар электронды дауыс берудің басты артықшылығы оның қолжетімділігі, ал кемшіліктері ақпараттық қауіпсіздікке қатысты қауіп-қатерлермен байланысты екенін де атап өтті. Өз кезегінде Орталық сайлау комиссиясының өкілдері егер болашақта электронды дауыс беру үдерісі өріс алар болса аталған жайлар міндетті түрде ескерілетінін мәлімдеді.