Тұңғыш Президент күні – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің тарихында, қалыптасуы мен дамуы жолындағы елеулі орын алатын ерекше мереке.
2021 жылдың 28 қараша күні «Фэмили» саябағында Әуезов ауданы әкімдігімен бірлесіп, Егеменді Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті.
Институт директорының әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының PhD докторы Сағат Құтбанұлы Әлдекенов кіріспе сөзімен шараның шымылдығын ашып, аудан тұрғындарын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.
«Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың дара жолы» атты мерекелік іс-шарада Педагогика, бизнес және құқық институтының Жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері, Жас Отан Жастар Қанаты мен белсенді студенттер қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Халқымыздың бүкіл болмыс бітімін, тыныс-тіршілігін, тарихын, әдет-ғұрпын тарының қауызындай 3-4 шумаққа сыйғызған Әнұраны шырқалды.
Тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы, егеменді елімізді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әрбір жүрген жолы, қазақ елі үшін жасаған қажырлы еңбегі бүгінгі жастарға үлкен үлгі-өнеге, рухани мектеп.
Сондай-ақ, кеш тізгінін ұстаған студент –жастар Қаратай Темірлан мен Ұзақпаева Ажар «Бүгінде ел тарихына алтын әріптермен жазылатын 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мерекесі - елдікті ту еткен халқымыздың асқақ арманы мен айбарлы рухының мерекесі»- деп қорытындылады.