
Тіл – мемлекеттің басты айшығы, елдігіміздің тұғыры. Адамзатты байланыстырушы, ойы мен сөзін жеткізуші қарымқатынас құралы ғана емес, ұлттың діңгегі. Осыған орай ағымдағы айдың 27 жұлдызында Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінің 1-2 курс студенттері арасында “Тілім-тірлігімнің айғағы” атты мерекелік іс-шара атап өтілді.
Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне байланысты Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінде ф.ғ.к., профессор Оналбаева Күләш Қайранасырқызының ұйымдастыруымен өткен шарада , университет тің академиялық жұмыстары жөніндегі проректоры проректоры Бекенова Лидия Молдабаевна,профессор Смагулова Бахыт Абаевна және кітапханашы Мухамедиева Қауан Шалауовна қатысты.
Тіл мерекесі жоғары деңгейде өткізілді,ана тілімізде жыр шумақтары мен Абай Құнанбаевтың өлең жолдары оқылды. Кітапхана әсем безендіріліп,ақын-жазушылардың еңбегінен көрме,тілге байланысты қанатты сөздер жазылды және кеш жоғары деңгейде өтті.
Рухы күшті адам,халық ешқашан жеңілмейді.Тілін ұмытқан халық өз мәдениетін сақтап отыра алмайды. Тілімізді анамызды құрметтегендей құрметтейік!