2019 жылдың 20 қараша күні Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратымен Алматы экономика және статистика академиясының ұйымдастырылуымен Латын әліпбиіне көшу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында «Латын әліпбиіне көшу - болашаққа бастар бағыт» атты дөңгелек үстел өтті. Аталмыш іс-шара Алматы қаласы әкімі аппаратының Тiлдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығының бас инспекторы Қалымбет Бақыт Әбиірұлының жүргізілуімен өткізілді.Дөңгелек үстелге өз баяндамаларымен Ұлттық аударма бюросының редакторы,жазушы Есей Жеңісұлы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, филология ғылымдарының кандидаты Шойбекова Ғазиза Бейсенбековна шақырылды.Шара барысында Латын әліпбиіне көшудің ең басты қажеттілігі, қазақ тіліндегі сөздердің айтылуындағы өзгерістер, ұтатын және ұтылатын тұстары талқыланды. Мақсатқа қол жеткізіп, соның жемісін көру үшін қаймақ бетінде жүрген білікті тіл мамандары мен оқытушы-профессорлар аянбай тер төгуі керектігі айтылды. Дөңгелек үстелге жиылған тіл мамандары айтылған мәселелер төңірегінде өз пікірлерін барынша ортаға салды. Шара соңында пікірталасқа ұласқан дөңгелек үстелдің жұмысы қорытындыланып, бүгінгі шараға оң баға берілді.