АГЭУ Бизнес мектебі ұйымдастырған жыл сайынғы қысқы экономика-2025 мектебі шеңберінде 13 қаңтар мен 27 қаңтар аралығында "Инклюзив: даму мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің заманауи технологиялары" тақырыбы бойынша инклюзивті білім беру саласында ПОҚ біліктілігін арттыру тренинг-курсы 72 сағат көлемінде, сертификат беріле отырып өткізілді. Дәріскер: Мусихина Е. В. – " Халықаралық практикалық психология және педагогика академиясы " ЖШС директоры, к. пед.н., д.психол.н. Қазақстан Педагогика Ғылымдары Академиясының академигі; Халықаралық психологиялық ғылымдар Академиясының академигі (Ресей); Петров ғылым және өнер академиясының корреспондент-мүшесі (ПАНИ, Санкт-Петербург); педагог-дефектолог, практикалық психолог, білім беру саласындағы сарапшы (Қазақстан, Ресей), педагогикалық өтілі – 36 жыл.