Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар ЖОО ректорының атына 20.11.2024 жылдан бастап 30.11.2024 жылға дейін (301 кабинет) өтініш (нысан бойынша) береді.
Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Алматы қ., Ақсай 3 шағынауданы, 36 үй, каб.301.
Қосымша ақпаратты телефон арқылы алуға болады:
8(727)248-56-58, 8(727) 248-57-48, 8(727)248-57-38, 8(727) 248-58-26 немесе e-mail бойынша: ipbip@ageu.edu.kz; hr_ipbip@ageu.edu.kz;
Профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасу конкурсына біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамының лауазымдарына ұсынылатын адамдар жіберіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар кадр қызметіне, ректордың атына өтініш береді.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
* кадрларды есепке алу парағы.
* Жоғары білім туралы, академиялық және ғылыми дәрежесінің, ғылыми атағының болуы туралы дипломдардың көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған;
* Конкурстан өту алдындағы оқытылатын пәндердің бейініне сәйкес соңғы үш жылда біліктілігін арттыруды растайтын құжаттардың көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары; IELTS сертификаттары (бар болса);
* Ғылыми хатшы және лауазымға үміткер қол қойған және куәландырған (жарияланым болған жағдайда) конкурстан өткенге дейінгі кезеңде жарияланған оқу басылымдары мен ғылыми еңбектерінің тізімі.
* № 075 нысан бойынша Медициналық анықтама немесе медициналық кітапша;.
* Адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу жөніндегі мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама. (EGOV.KZ).
* Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы. (EGOV.KZ).
* Конкурсқа қатысушының № 272 бұйрықпен бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепте тұрмағаны туралы Психоневрологиялық ұйымнан анықтама. (EGOV.KZ).
"ЭКОНОМИКА, ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ" КАФЕДРАСЫ
аға оқытушы-1 бірлік;
"ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР" КАФЕДРАСЫ
аға оқытушы-3 бірлік;
"ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПЕДАГОГИКАСЫ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ" КАФЕДРАСЫ
доцент-1 бірлік;
аға оқытушы-1 бірлік.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Үміткер көрсетілген мерзімдерден кейін ұсынған өтініштер мен конкурстық құжаттар қарауға жатпайды.