
2025 жылдың 21 мен 23 наурыз аралығында Түркияның Стамбул қаласында өткен "Ases I. INTERNATIONAL NEVRUZ SCIENTIFIC RESEARCH CONGRESS" атты халықаралық ғылыми конгресіне "Педагогика, психология және ӘГП" кафедрасының оқытушылары – Қожамқұлова Н., Оразалиева Э.және Измагамбетова Р. қатысты.
Шара аясында
"Педагогикадағы заманауи тәсілдер: технологияны қолдану және білім берудегі көшбасшылық" атты өзекті тақырыпта баяндама ұсынылды.
Конгреске қатысу біздің оқытушыларға өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісуге, тәжірибе алмасуға және құнды халықаралық байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.