
Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің Педагогика кафедрасына Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында келген оқытушылары М.С.Каракулова мен Г.Ж.Жүнелбаева Инклюзивті білім беру пәні бойынша Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, педагогика және психология мамандықтарының 2 курс студенттеріне «Қазақстанда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың тәжірибесі» тақырыбында дәріс оқыды.
Әріптестеріміз жалпы еліміздегі инклюзивті білім берудің қазіргі зерттелу деңгейі мен ерекше оқытуды қажет ететін балаларды жалпы білім беру үрдісіне қосу және оларды бейімдеу шарттары, әлеуметтік ортадағы кедергілер, ортаға бейімдеудегі ата-ананың роліне тоқталды.
⠀
Сондай-ақ студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп тәжірибесімен бөлісті.
⠀
Біз өз тарапымыздан әріптесімізге ғылыми шығармашылық жұмыста сәттілік тілейміз.