
2025 жылдың 11 наурызында Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінде «6В01503 – география мұғалімдерін даярлау"» білім беру бағдарламасының студенттері мен оқытушыларына арналған «Жаңартылған мазмұндағы мектеп географиясын оқытудағы геоақпараттық технологиялардың қолданбалы негіздері» тақырыбында семинар өтті. Аталған семинарда PhD докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «География және экология» кафедрасының профессорының м.а. Үсенов Нұрбол Ерешұлы сөз сөйледі. Семинар барысында Нұрбол Ершешұлы білім беру процесінде ақпараттық құралдарды, геоақпараттық порталдарды, веб-картографиялық сервистерді, мультимедиялық технологиялар мен цифрлық ресурстарды пайдаланудың заманауи тәсілдерін ұсынды. Ол ГАЖ технологияларын қолдану Географияны оқытуды көрнекі, интерактивті және тиімді етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Картография және экология сияқты салаларда геоақпараттық жүйелердің практикалық қолданылуын талқылау студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды. Семинарға қатысушылар географиялық ақпаратты визуализациялауда және табиғи процестерді модельдеуде ГИС мүмкіндіктері туралы құнды білім алды.
Семинар тәжірибе алмасу және географиялық білім берудегі заманауи цифрлық құралдар туралы студенттердің түсініктерін кеңейту үшін пайдалы алаңға айналды.