QyzPU-да болып өткен «Отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы заманауи психологиялық көзқарастар: теория және тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінің “Педагогика, бизнес және құқық” институты, “Педагогика, психология және ӘГП” кафедрасының 6В01101 – Педагогика және психология және 6B03101- Психология білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс студенттері қатысып белсене атсалысты.
Студенттер пленарлық отырыс барысында қазақстандық және шетелдік спикерлердің баяндамаларымен танысып тәжірибе алмасты.
Конференция халықаралық тәжірибе алмасу мен қауіпсіз орта құруға, өзара қатынастардың жоғары мәдени деңгейі мен психологиялық аман-саулықты қалыптастыруға бағытталған бірлескен бастамаларды әзірлеу үшін маңызды платформа болды.
Ғылыми жетекшісі: п.ғ.м., Оразалиева Э.Н.
Қатысушы баяндамашылар: БББ: 6В01101 – Педагогика және психология
- Қаржаубай Нұржанат Нұрмұратқызы
- Масмахунова Феруза Мухидиновна
- Төлебай Айша Нұрболқызы
- Сулайманова Шахноза Жалғасбайқызы
БББ: 6B03101- Психология
- Абай Қарақат Нүркенқызы