
2024 жылдың 18 желтоқсанында «Педагогика, бизнес және құқық» институтының «Экономика, қызмет көрсету және құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жоғары оқу орнында жасанды интеллектіні қолдау» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өтті.
Мақсаты – жасанды интеллектінің (ЖИ) дамуы, оның мүмкіндіктері мен жоғары оқу орындарының оқу процесіне енгізу әдістерін талқылау. Лектор-модератор – «Экономика, қызмет көрсету және құқық» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Жанбаева Ляззат Абдыкадыровна