2024 жылдың 2 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінің ұйымдастыруымен Институт студенттері арасында Волейбол және шағын футбол ойындарынан спортакияда өтті. Командалар өздерінің шеберліктерін, табандылықтарын, жылдамдықтары мен ептіліктерін көрсетті. Спорттық шараға қатысушы барлық ойыншы командамен ойнаудағы тәжірибелерінің молдығын байқатып, нәтижесінде «ПБжҚИ» құрама командасы жүлделі 1 орынға ие болды. Жеңімпаз командаға кубок пен диплом табыс етілді.