
Құрметті "Педагогика, бизнес және құқық" институтының студенттері!
2024 жылғы ПБжҚ институты ғылыми-зерттеу жұмысы конкурсына өтінім берудің басталғандығын қуана хабарлаймыз!
Ғылыми жобалар конкурсын өткізудің мақсаты:
* студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жандандыру;
* студент жастарды ғылыми-зерттеу қызметіне тарту;
* институт студенттерінің ғылыми ізденіске, шығармашылыққа, тәуелсіздікке, бастамашылыққа деген қызығушылығын дамыту;
* ең дарынды және талантты студенттерді анықтау, өзекті ғылыми мәселелерді шешу үшін олардың зияткерлік әлеуетін пайдалану;
* ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрлардың жаңа буынын қалыптастыруға қол ұшын беру.
Өтінім беру мерзімі - 2024 жылғы 29 қаңтар (қоса алғанда)
Өтінімдер ғылыми студенттік жобалар конкурсы туралы ережеге қосымшаларда ұсынылған мазмұн негізінде ғана қабылданатын болады.